27 ақпан 2014 19:08

Астанада әйелдер мейрамына арналған көрме ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Әйелдердің халықаралық күні қарсаңында Астанада бір апта бойы мерекелік сыйлықтар көрме-жәрмеңкесі өтеді деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. «8 наурыз - Әйелдердің халықаралық күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтарына көрме-жәрмеңке ұйымдастырылып, мерекелік бағдарлама ұсынылады. «8 наурызға арналған сыйлықтар» - сүйікті жандарға, әйелдерге, қыздарға, аналарға, құрбыларға арналған жарқын көрме», - деп хабарлайды ұйымдастырушылар. Көрме-жәрмеңкеде сыйлық жиынтықтарының, кәдесыйлар мен зергерлік бұйымдардың, косметика, парфюмерия, тоқыма өнімдері мен ойыншықтардың, денсаулыққа және үйге арналған тауарлардың мол таңдауы ұсынылады. Мерекелік көрме Конгресс-холл сарайында 1-8 наурыз аралығында күн сайын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Кіру тегін. Көрме-жәрмеңке барысында ұтыс ойыны өткізіліп, би, ойын-сауық бағдарламасы ұсынылады Айта кетейік, көктемнің алғашқы айындағы бұл мерекеде қазақстандықтар үш күн демалады: мейрамға байланысты 8-9-10 наурыз күндері демалыс болып жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети