Астанада дүниеге келген 25 мыңыншы сәбиге сыйлық жасалды

08 Қараша 2016, 13:08
0
Астанада дүниеге келген 25 мыңыншы сәбиге сыйлық жасалды -

Астанада дүниеге келген 25 мыңыншы сәбиге сыйлық жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, сәбидің салмағы - 2688 грамм, ал бойы - 48 сантиметр. Ата-аналары әлі сәбиге есімін бермепті. Жаңа туған сәбидің анасы Әсем Жанайдарова 39 жаста, ол колледжде информатика пәнінен сабақ береді. Ал бұл сәби отбасындағы төртінші бала екен. Үлкен қызының жасы 19-да, екінші қызының жасы 13-те болса, ұлының жасы 6-да екен.

Астанада 2016 жылы дүниеге келген 25 мыңыншы тұрғынға қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері "Зима-лето" арбасы мен автокресло сыйлады.

Еске сала кетейік, кеше, 7 қарашада Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында 25 мыңыншы сәби дүниеге келген еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай