15 ақпан 2019 15:48

Астанада оқушы құдыққа түсіп кеткен баланы құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада анасымен серуендеп жүрген бала құдыққа түсіп кеткен. Құтқарушылар келгенше оның анасына 10-сынып оқушысы көмектескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖ комитетіне сілтеме жасап.


Астанада анасымен серуендеп жүрген бала құдыққа түсіп кеткен. Құтқарушылар келгенше оның анасына 10-сынып оқушысы көмектескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖ комитетіне сілтеме жасап.

2014 жылғы баланың анасымен Қарасай батыр көшесінде серуендеп жүріп екі метр терең құдыққа түсіп кеткені жайлы хабар құтқарушыларға 15 ақпанда сағат 11.30-да түскен.

"Құтқарушылар келгенше №39 мектептің 10-сынып оқушысы баланы құдықтап алып шықты. Құлаған бала №2 балалар қалалық ауруханасына жеткізілді, оқушыны құтқарушылар үйіне жеткізіп салды", - деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

2018 жылдың соңында Астананың сол жағалауында 200-ден аса беті ашық жатқан құдық анықталған. Әкімдік өкілддері ашық қалған құдық көргендерден хабарды 109 нөміріне жеткізуді сұрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети