Астанада тұратын тоғыз жастағы бала "Пусть говорят" көрермендерін таңғалдырды

24 Желтоқсан 2015, 09:32
0
Астанада тұратын тоғыз жастағы бала "Пусть говорят" көрермендерін таңғалдырды - Бірінші арна кадры
Бірінші арна кадры

Астанада тұратын тоғыз жастағы Данияр Құрманбаев ресейлік "Пусть говорят" ток-шоуының көрермендерін ойында көп мәнді сандарды санау өнерімен таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Данияр Құрманбаев "Пусть говорят" шығарылымына 23 желтоқсандағы "Аффтор жжет" циклындағы бағдарламаға қатысты. Бала студияға кірмес бұрын ток-шоудың студиядасындағылар оның қолымен қимылдар жасап, сандарды қосып-алып жатқан сәті бейнеленген роликті көрді.  

Құрманбаевтың айтуынша, ол елордадағы мектептердің бірінде төртінші сыныпта оқитынын айтып берді, онда менталды арифметика оқытылады екен. Ол тез санау өнерін абакус деп аталатын жаттығулар арқылы меңгеріпті. Бала тіпті өз ойында абакусты елестете отырып, оған қолымен қимылдар жасап санаудың әдісін көрсетіп берді.  

Айта кетейік, 18 желтоқсанда Данияр Құрманбаев Бірінші арнадағы "Мужское Женское" бағдарламасының кейіпкері болған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай