10 тамыз 2017 | 17:50

Астанада түсірілген баланы құтқару видеосы Желі қолданушыларын сүйсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

29 жастағы Даулет Иманжанов Астанадағы балақайды құтқару сәті туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

29 жастағы Даулет Иманжанов Астанадағы балақайды құтқару сәті туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бірнеше ер адамның биік ғимараттан құлап кете жаздаған баланы құтақру сәті түсірілген видео Желіде жылдам таралып жатыр. Instagram желісіндегі budnikz парақшасында жарияланған видео екі сағтта 14 мың рет қаралған. 

Баланы құтқару үшін "ГАЗель" көлігін үйге тақап қойған ер адамдардың әрекетіне Желі қолданушылары ризалығын білдіруде. Көліктің биіктігі жетпегендіктен жігіттердің бірі екіншісінің иығын басып тұрып, үшінші қабаттан баланы түсіріп алған. 

Дәулет Иманжановтың сөзінше, оқиға 10 маусымда болған. Ол өзінің 25 жастағы досы Азамат Тоқтамысовпен бірге 18/3 мекенжай бойынша орналасқан үйге жұмыспен келіп, баланың қауіпті жағдайда екенін байқап қалған. 

"Досым екеуміз жүк тасымалдаймыз. Аулаға кіргенде баланы қолымен тосып алмақ болған екі ер адамды байқадық. Біз бірден бардюрді басып өтіп, көлікті тақадық. Оның есімін білмеймін, ер адамның иығына шықтым. Баланы терезеден алып шыққанда досым баланы тосып алды", - дейді Иманжанов. 

Оның сөзінше, қыз бала масаларға қарсы торды итеріп тастап, аяғын салбыратып отырған. Ата-аснасы үйде болмаған. 

"Терезеге шығып, аяғын салбыратып отырды. Әбден жылаған. Баланы түсіріп алдық. Көршілерден қай пәтерде тұратынын білдік. Ер адам ата-анасын тапты. Кейін анасы келді. Ары қарай күтпедік, жұмыстарымызбен кеттік. (...) Мен ақ футболкада болдым, баланы тосып алған досым", - деп аяқтады ол. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети