04 шілде 2015 13:40

Астаналық азамат тұрғындарды Қала күні мерекесімен ерекше құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Астана тұрғыны Қала күніне арнап елорданы аспаннан видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана тұрғыны Қала күніне арнап елорданы аспаннан видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Туған күніңмен, сүйікті Астана!" деп аталатын видеода ол елорданың 17-ші туған күніне орай өтетін шараларға деген дайындықты көрсеткен. Роликтен түрлі инсталляциямен, гүлді декорациямен безендірілген жолжелкенді де көруге болады.

"Елорда күні биыл ерекше сезіліп жатыр, қонақтарға арналып көптеген шаралар ұйымдастырылып жатыр. Осының барлығын видеоға түсіруге тырысамын", - деді ол.

Айта кетейік, Қала күні 4-6 шілде аралығында тойланады. Биыл 70-ке жуық шара өтіледі деп жоспарланып отыр. Олардың көбі ашық аспан астында өтеді.

Виталий Перов елорданы видеоға аспаннан бірнеше рет түсірген. Мысалы, ол "ән айтатын субұрқақты" түсіріп, маусым айының басында Астанада салынған I love Astana архитектуралық нысанын басқа қырынан көрсетті. Ол EXPO-2017 құрылысының қалай жүріп жатқанын да видеоға түсірді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети