25 қаңтар 2017 18:48

Атырауда итті қағып кеткен жүргізуші сот алдында жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© HitGid © HitGid

Атырауда итті қағып кеткен жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Атырауда итті қағып кеткен жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс материалдарына қарағанда "Газ 3302-288" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі облыс орталығындағы тұрғын үйлердің бірінің алдында зардап шегушінің "Joker" есімді итін басып кеткен.

"Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген) құқықбұзушы Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Сотта айыпталушы кінәлі деп танылып, жүргізушіге әкімшілік жаза ретінде 14 847 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 

Айыпталушы кінәсін толық мойындап, ит иесіне шығынды өтеуге келісті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети