31 қаңтар 2017 11:18

Аустралияда кенгуру велосипедшінің үстінен қарғып өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tyr74 © Tyr74

Аустралияда тұратын ұлыбританиялық Джеймс Робертс кенгурудың велосипедшінің үстінен қарғып өткен сәтін видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Daily Mirror басылымы хабарлады. 


Аустралияда тұратын ұлыбританиялық Джеймс Робертс кенгурудың велосипедшінің үстінен қарғып өткен сәтін видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Daily Mirror басылымы хабарлады. 

Ер адам өз таныстарымен велосипед теуіп қайтуға шыққан. Оның қобдишасына орнатылған камера артында келе жатқан аделаидалық Майкл Бландты түсіріп келе жатқан. 

Бір кезде кенеттен бұтақтар арасынан кенгуру атып шығып, велосипедшінің үстінен секіріп өтіп, жолдың арғы бетінен бірақ шыққан. Бланд басын бұғып үлгерген, алайда қозғалысты тоқтатпай, ары қарай жүре берген. 

Робертс осы видеосын Facebook желісіндегі парақшасына жүктеп, "Бландқа лотерея билетін алу қажет" деп жазба қалдырған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети