15 мамыр 2014 | 18:08

Автобус жүргізушілерінің шеберлігі бір стақан сумен бағаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©newskaz.ru ©newskaz.ru

Астана қаласындағы автобус жүргізушілерінің шеберлігі ерекше бір әдіспен бағаланды. Олардың кабинасына бір стақан су қойылып, оның төгілгеніне қарай әрбір жүргізушінің жеке шеберлігіне баға берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бәйтерек" халықаралық медиа-орталығына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласындағы автобус жүргізушілерінің шеберлігі ерекше бір әдіспен бағаланды. Олардың кабинасына бір стақан су қойылып, оның төгілгеніне қарай әрбір жүргізушінің жеке шеберлігіне баға берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бәйтерек" халықаралық медиа-орталығына сілтеме жасап.

Бұл шара "Астана таңдауы - 2014" байқауы аясында ұйымдастырылды. Оған қатысушы - автобустардың кабинасына бір-бір стақан судан қойылды. Сөйтіп, жүргізушілердің қалада қаншалықты шебер әрі ұқыпты жүре алатыныны тексерілді. Себебі көлік селкілдеп, я болмаса, тежегіш қатты басылып қалған кезде судың деңгейі азая берген. Осылайша, әрбір айналым сайын судың деңгейі тексерілді. Су мөлшері көп қалған көлік жүргізушілері нағыз шебер ретінде танылды. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқаудың басты шарты емес. Алайда осы іспетті "кәсіби марафонның" арқасында өз ісінің шеберін анықтауға болады. Жарыстың қорытындысы бойынша №1 автопарктің екі жүргізушісі үздік деп танылды. Оларға бейнетіркегіштер сыйға тартылды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети