18 қараша 2016 23:28

"Аязда қалғаным артық". Астанада үйсіздердің бәрі түнді жылы жерде өткізгісі келмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Күн өткен сайын аяздар күшейіп келеді. Астана полициясы Тұрақты мекен-жайы жоқ тұлғаларды бейімдеу әлеуметтік орталығының қызметкерлерімен бірге вокзалдар, базарлар, жылу жолдарына және басқа да үйсіздер түнейтін орындарға рейд жасап жүр. Мұндағы мақсат - ешкім аяздан үсіп қалмау үшін адамдарды жылы орынға алып келу. Ал олардың барлығы мемлекеттік мекемелерге келгісі келмейді екен. Астаналық бейімдеу орталығының түнеу орындары қалай толатынын және үйсіздердің ауыр тағдыры туралы Тұрар Қазанғапов пен Ренат Ташқынбаевтың репортажын ұсынамыз.


Күн өткен сайын аяздар күшейіп келеді. Астана полициясы Тұрақты мекен-жайы жоқ тұлғаларды бейімдеу әлеуметтік орталығының қызметкерлерімен бірге вокзалдар, базарлар, жылу жолдарына және басқа да үйсіздер түнейтін орындарға рейд жасап жүр. Мұндағы мақсат - ешкім аяздан үсіп қалмау үшін адамдарды жылы орынға алып келу. Ал олардың барлығы мемлекеттік мекемелерге келгісі келмейді екен. Астаналық бейімдеу орталығының түнеу орындары қалай толатынын және үйсіздердің ауыр тағдыры туралы Тұрар Қазанғапов пен Ренат Ташқынбаевтың репортажын ұсынамыз.

Аязды күндері тұрақты мекен-жайы жоқ адамдар полицияда жиі қонақ болады.

Бірнеше ауданға барса болғаны, құқық қорғау органдарының автобусы далада өмір сүретін адамдарға толып кетеді.

Алексей және Наталья өздерін ерлі-зайыпты санайды, дегенмен, некелері заңды түрде тіркелмеген. Далада өмір кешеді, ал кей кездері ақша тауып жатса, 1 000 теңгеге бөлме жалдайды. 

"Үйлердің кіреберісінен үнемі қумайды, түсінігі мол адамдар да бар, кейде шәй мен жейтін тамақ алып шығады, ал кейбіреуі үндеместен полиция шықырады", - дейді Наталья. Осы жолы да олардың жоспарларына құқық қорғау органдары бөгет болды. "Негізі біз шіркеуге қасиетті су үшін ғана кірдік, ал оларға дәлелдей алмайсың ғой..." - деп сендірді әйел. "Күйеуіміз екеуміз көмір лақтырамыз, бір тоннасы үшін 1 000 теңге береді", - дейді ол.

Ал оның ері Алексей әйелі сияқты емес, бірінші қысын далада өткізіп тұрған жоқ. Бірақ тіпті ауыр болып кеткенде, бейімдеу орталығына түнеуге өзі келеді екен. "Өйткені шаршайсың: кіреберісте, тағы бір жерлерде түней беруден. Ақша табылса - ыстық тамақ ішесің, үнемі олай бола бермейді", - дейді ер адам.

Мынау Бейімдеу орталығының түнгі бөлімі. Ұзақ жатқысы келмеген үйсіздер, түнде келіп қонып, таңғысын кетіп қала алады. 

Негізі түнеу орны 50 адамға есептелген. Бірақ аяздар басталғалы мұндағы орындарды 70, тіпті 80 адам сыйатындай етіп жасап, қосымша төсемелер салуға тура келген. Бүгін түнде мұнда 40 адам аяздан қашып келді.

Далада өмір кешетіндермен қатар, түнеу орталығына тұрақты жұмысы бар, бірақ баспанасыз жандар да келеді екен. Олар мұнда түнеп кету үшін ғана келеді. "Кейде жұмыс болады, кейде болмайды - осылай өмір кешіп келемін", - дейді өзін суретке түсірмеуін өтінген ер адам. 

Бетін жауып, тұмшаланатындар - далада өмір кешкендеріне көп болмаған жандар. Ал үйсіз ұзақ жүргендер камерадан қашпайды. 

Бүгін бөлімшеге жеткізілгендер арасында анасы да далада өмір кешіп жүрген үйсіз жігіт бар. Бірақ ер адам анасын інісі ауылға алып кеткенін және енді анасының қалыпты өмір кешіп жатқанын айтып сендірді. 


© Тұрар Қазанғапов

Бүгін кей үйсіздерді Теміртау мен Қостанай облысына жеткізу туралы шешім қабылданды. 

Олардың тағдыры ұқсас - ақша табуға келіп, қаржысыз қалды, далада өмір кешіп жүр. 

"Теміртауға кеткім келеді, "Артем" (сауда үйі) маңында түрлі жұмыс істеп жүрдім. Болмады. Кейде бейімдеу орталығында, вокзалда, одан қуып шықса, далада өмір сүрдім", - дейді Серік.

Дегенмен, полицияға жеткізілгендердің біразы қаңғыбастық айыбымен келіспейді.

Мына суреттегі екі дос жұмыстарының да, баспанасының да барын, ал құқық қорғаушылар оларды жоспар толтыру үшін ғана ұстағанын айтады. 

"Менің тұратын жерім бар. "Әлемде" (базар) жүк тасушымыз. Жұмыстан келе жатқанмын, алып кетті, жүр сан үшін керексің дейді", - деп сендіреді жігіт.

Ал оның жолдасы полицейге Бейімдеу орталығына бармайтынын жеткізді. "Онда үш күнге ғана, сосын жоғалу керек! Мен онда бармаймын, аязда жүргенім артық", - дейді ол істің мән-жайын білетін сыңай танытып.

"Бұдан да суық болады ғой" - деп едік. "Бола берсін, мен онда бармаймын", - деп келісуден бас тартты.

"Біздің бас тартуымызға құқымыз бар ғой. Біз жұмыс істейміз, кездейсоқ табыс тауып "Артемде" 500 теңгеге бөлме жалдаймыз", - дейді ол.

Полицейге үйсіздер айтқан "статистика" туралы сұрақ қойдық. "Олар алдайды. Мүмкін кей жерлерде табыс тауып та қалар, бірақ, көбіне қаңғырып жүреді. Ол Бейімдеу орталығында болған, енді барғысы келмейді. Өйткені, онда болудың кей шарттары бар, соларды орындағысы келмейді", - дейді "Сарыарқа" аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысы Азамат Садықов.


© Тұрар Қазанғапов

Бейімдеу орталығында ұзақ мерзімге қалу үшін (бір айдан жылға дейін) расында ұстану керек шарттар бар. Оның бастылары - алкогольден бас тартып, тәртіп сақтау. Бірақ мұндайға бәрі бара бергісі келмейді.

Мекемеде еркіндікті, бостандықты, ішкісі келгенде ішуді қалайтын үйсіздер категориясы барын айтады. Ондайлар жаз кездерінде мұнда көрінбейді, дегенмен, аяз түскенде орталықта бас көрсетеді екен.


© Тұрар Қазанғапов

Қазір ұзақ мерзім бойынша198 адам жатыр, ал мекеме 180 орынға есептелген. Дегенмен, мекеме жетекшілігі қажеттілік жағдайында одан көбірек қабылдай алатындығын айтады. 

Еске сала кетейік, осыған дейін "Қазгидромет" РМК өкілдері алдағы күндері республикада аяздар күшейе түсетінін ескерткен болатын. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда ауа температурасы түнде 30-35, ал кей жерлерде 40 градусқа дейін төмендейді деп болжануда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети