Әйгілі теннисші US Open турнирінде баланы құтқарып қалды

31 Тамыз, 17:55
0
Әйгілі теннисші US Open турнирінде баланы құтқарып қалды - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль АҚШ-тың ашық біріншілігінде (US Open) турнирінде қолтаңба-сессиясы кезінде тапталып қалған баланы аман алып қалды, - деп хабарлайды Lenta.ru. Осы оқиғаның видеосы турнирдің Twitter аккаунтында жарияланды.

Надаль қолтаңба беріп жатып, жылап жатқан баланы көріп қалған. Ол жанкүйерлердің арасына қысылып қалған. Испаниялық спортшы баланы қолына алып, қоршаудан көтеріп алды. Спортшы баланы жұбатып, бас киіміне қолтаңбасын қойды.

Надаль US Open үшінші раундына шықты, оның қарсыласы Танаси Коккинакис жарақат алып, жарысты жалғастыра алмайтын болды. Келесі айналымда ол Оңтүстік Корея теннисшісі Чхун Хенмен кездеседі.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай