02 қаңтар 2018 17:02

Айжан Байзақова "Zakova" клубының жабылатынын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айжан Байзақова Zakova клубының жабылатыны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жайында ол Instagram желісі арқылы тікелей эфирден хабарлады.


Айжан Байзақова Zakova клубының жабылатыны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жайында ол Instagram желісі арқылы тікелей эфирден хабарлады.

"Бізден жабылуымызды сұрап отыр, бар жағдайды түсініп отырған боларсыздар. Бірақ біз қол қусырып қалмаймыз. (...) Иә, бар жабылды. Бізде көңіл көтеріп, демалған, соның барлығын видеоға түсіріп, Желіге таратқан жігіттердің арқасында. Оларды егеуқұйрық сатқындар дегеннен өзге сөз табылмады. Ол жерде көңіл көтермеген адам болса, түсінуге болатын еді", - дейді Байзақова. 

"Zakova" клубы @zakova.bar жабылатынын хабарлаймын. Кімнің кесірінен екенін түсініп отырсыздар... Бізде ішіп, көңіл көтеріп, шегіп жүрген сатқындардың, телефондарына түсіріп, Желіге таратқандардың арқасында. Мақсаттарыңызға жеттіңіздер, құттықтаймын! Онда барлық клуб пен барды жабыңыздар, өйткені барлығыңыз пәксіздер ғой! Кеше қоштасу кеші өтті. Сағынатын боламын #zakovabar", - делінген Байзақованың Telegram арнасында. 

Ал клуб өкілдері тек демалыс күндеріне байланысты істемей тұрғандарын және әзірге толық жабылу туралы ештеңе белгісіз екенін мәлімдеді.

Еске салайық, 26 желтоқсанда полицейлердің 22 жастағы қыздың ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартқаны хабарланған еді. Айта кетейік, таяуда қаладағы клубтардың бірінде қыздардың тыржалаңаш шешінген видеосы жарияланған еді. 

"Алмалы аудандық ІІД жергілікті полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша іс материалдарын жинап, 1995 жылғы А.С.Байзақоваға қатысты қоғамдық жерде қоғамға қарсы конкурстар ұйымдастырып, былапыт сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартты. Байзақованың кінәсі толығымен дәлелденді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот үкіміне сәйкес ол үш күнге қамауға алынды", - деген еді Алматы ІІД өкілдері.

Айжан Байзақова бостандыққа шыққанан кейін 31 желтоқсанда тікелей эфирге шығып "айтарым бар" деп мәлімдеген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети