Айсұлтан Назарбаев әке атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президенттің немересі Айсұлтан Назарбаев қызды болғанын жазып, қуанышты жаңалықты Facebook желісінде хабарлады.
Айсұлтан Назарбаев әке атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президенттің немересі Айсұлтан Назарбаев қызды болғанын жазып, қуанышты жаңалықты Facebook желісінде хабарлады.
"Достар, бүгін менің өмірімдегі ең қуанышты күн болды, мен оны сіздермен бөліскім келеді. Кеше түнде жұбайым маған қыз туып берді. Алғашқы балаңды күтуді ештеңемен салыстыруға болмайды. Жаратқанға осындай ғажайып сыйлағаны үшін алғысым шексіз. Бұл туралы алдын ала айтқым келмеді. Басқалар сияқты мен үшін де отбасы ең құнды дүние. Құдайға шүкір, бұған да жеттік. Өмірге ғажайып қыз келді", - деді Айсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, ол әйелімен бірге түскен суретін жариялады.