Аюды қағып кеткен машинист ақауға байланысты оны жолдан үркіте алмаған

08 Желтоқсан 2014, 11:27
0
Аюды қағып кеткен машинист ақауға байланысты оны жолдан үркіте алмаған - ©hunt-dogs.ru
©hunt-dogs.ru

Норильскіде электр пойызының машинисі дыбыс дабылы істен шыққандықтан теміржол бойындағы аюды үркіте алмаған, - деп хабарлайды РИА Новости Батыс Сібір көлік прокурорының аға көмекшісі Оксана Горбуноваға сілтеме жасап. Еске сала кетейік, 4 желтоқсанға қараған түні Норильскіде пойыз аюды қағып кеткен болатын. 

Прокуратураның мәліметінше, жылжымалы құрамды 1984 жылы туған машинист пен оның 1965 жылғы көмекшісі басқарған. Бейнежазбаны машинист түсірген. "Аюға неліктен дыбыс дабылымен ескерту бермедіңіздер?" деген сауалға машинист пен оның көмекшісі дыбыс дабылы түймесі істен шықты деп жауап берді. Және олардың сөзіне қарағанда, қазір бұл нұсқа тексеріліп жатыр, мұның алдында станциялардың бірінде оларға бір ер адам қармен жүретін техникасының бұзылғанын айтқан. Ол теміржол бойымен ұлының көмекке кеткенін айтты, ал бұлар бара жатқанда, жолда аюды көреді де, оны қорқытпақ болады", - дейді Горбунова. Оның айтуынша, қазір бұл дерек бойынша тексеру жалғасып жатыр. 

Еске сала кетейік, желтоқсанның алғашқы күндері Интернетте локомотивтің қоңыр аюды қуып жетіп, қағып кеткені түсірілген бейнеролик пайда болған еді. Видеода бригаданың "Тапа!" деген айқайы естіледі. "Біз әзірше әлеуметтік желілерде жарияланған роликке ғана сүйенеміз. Бұл жарияланып бойынша компанияда қызметтік тексеру жүріп жатыр. Егер біздің қызметкерлердің жауапкершілікке тартылуы керектігі расталса, оларға ең қатал тәртіптік шаралар қолданылатын болады", - деп мәлімдеді теміржолға жауапты "Норильский никель" тау-кен металлургия компаниясы" жауапкершілігі шектеулі қоғамының өкілдері. Кейін компанияның баспасөз қызметі пойыз қағып кеткен аюдың тірі қалғанын хабарлады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай