21 сәуір 2014 15:06

БАҚ: Путиннің қызы күйеуге шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ұлыбританиялық The Daily Mirror басылымы Britain's Got Talent думанының қатысушысы Леттис Роуботэмнің сұхбатын жария етті, ол жуырда Владимир Путиннің кіші қызының үйлену тойында болғанын айтты.


Ұлыбританиялық The Daily Mirror басылымы Britain's Got Talent думанының қатысушысы Леттис Роуботэмнің сұхбатын жария етті, ол жуырда Владимир Путиннің кіші қызының үйлену тойында болғанын айтты.

Виртуоз скрипкашы Роуботэм мен оның High On Heels атты ұжымы тойда көрсеткен өнері үшін 200 фунт стерлингін алған. Ақпарат құралдарының мәліметінше, 27 жастағы Екатерина Путинаның үйлену тойы Марокконың Марракеш қаласындағы La Mamounia отелінде өткен. Оның жары - 28 жастағы Юн Джун Вон.

"Нағыз көңілді кеш болды. Салтанатты шара құпия жағдайда өтті, біз өзіміздің не істеп жатқанымызды ешкімге хабарлай алмадық", - дейді Роуботэм.

Үйлену тойы орыс салты бойынша өткен, оған халықаралық деңгейдегі бірнеше тұлға келіпті. Еске сала кетейік, жуырда Ресей президенті өзінің төсек жаңғырту туралы ойы жоқ екенін, одан бұрын бұрынғы әйелін күйеуге беруді ойлайтынын айтқан болатын. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети