17 қазан 2016 09:23

БАҚ-тар Назарбаевтың еш жерде жарияланбаған суретін тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aktobetimes.kz © aktobetimes.kz

"Ақтөбе Таймс" басылымының журналистері Нұрсұлтан Назарбаевтың бұған дейін еш жерде жарияланбаған суретін тауып алды. 


"Ақтөбе Таймс" басылымының журналистері Нұрсұлтан Назарбаевтың бұған дейін еш жерде жарияланбаған суретін тауып алды. 

Сурет Ақтөбе облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы марқұм Үкетай Байжомартовта сақталыпты. Көп жылдар бұрын Байжомартов Хельсинкидегі жастар мен студенттер форумына қатысқан, оған болашақ президент те барған екен. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының шетелге тұңғыш шыққан кезі делінеді.  

Делегаттардың мәскеулік "Юность" қонақүйінің вестибюлінде, фестиваль пойызында, кейін теплоходпен Хельсинкиге жеткені болғаны белгілі. Бұл туралы киноқұжаттар сақталыпты. 

"Соған қарағанда, бұл суреттер фестиваль пойызының алдында жасалған", - дейді журналист, "Шығыс ақпарат" медиахолдингінің жетекшісі Мұрат Бүлдекбаев. 

"Мынау ескерткіш суреттерде Үкетай Байжомартовты, оның қасында Әбсаттар Бүлдекбаевты, олардың алдында еліміздің болашақ президенті Нұрсұлтан Назарбаевты көріп отырмыз, ол қазақстандық Магнитикидің металлургы", - деп сипаттайды суретті басылым.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети