08 мамыр 2018 11:48

Балабақша тәрбиешісі жазалау үшін балаларға қайнап тұрған суды ішкізген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ont.by © ont.by

Қытайда балабақша тәрбиешісі баланы жазалау үшін оған қайнап тұрған суды ішкізген, деп хабарлады lenta.ru.


Қытайда балабақша тәрбиешісі баланы жазалау үшін оған қайнап тұрған суды ішкізген, деп хабарлады lenta.ru.

Порталдың мәліметінше, Янчжоу қаласының тұрғыны баласын балабақшада жазалап, сабақ үстінде сөйлегені үшін қайнап тұрған суды тәрбиешінің ішкізгенін айтып, шағымданған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.

"Жазаланған бес баланың бірінің анасы ұлының үйге келген соң тамақ ішпей, тамағының ауырғанын айтқанын хабарлады. Келесі күні дәрігер оны тексеріп, көмейінің күйіп қалғанын және ісіп тұрғанын айтқан. Ұл бала сабақ үстінде сөйлегені үшін тәрбиешінің қайнап тұрған судан бір стақанын ішуге мәжбүрлегенін айтты. Алайда бала бірден іше алмағаны үшін ақыры тағы үш стақанын ішуге мәжбүр болыпты", - делінген жарияланымда.

Порталдың мәліметінше, жәбірленген тағы төрт бала қайнап тұрған судан бір стақаннан ішкен. Оқиғаның беті ашылғанда тәрбиеші баланың анасынан кешірім сұраған, бірақ әйел оны кешірмеді. Ақыры, тәрбиеші балалармен жұмыс істеуден шеттетілген. Полиция бұл оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Оқиғаның видеосын мына жерде көруге болады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети