Балалардың Аяз Атаға қандай хат жазатыны анықталды

09 Желтоқсан 2014, 18:19
0
Балалардың Аяз Атаға қандай хат жазатыны анықталды - ©Тengrinews.kz иллюстрациясы
©Тengrinews.kz иллюстрациясы

Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның балалары Аяз Атаға қандай хат жазатынын анықтады.

"Кейбір балалар "ең соңғы" смартфонды немесе планшетті сұрайды, кейбіреулер "папам мен мамам ұрыспаса екен" деп тілейді немесе асырап алуды сұрайды, тағы біреулері "аурудан айығып шығып, жүре бастауды" армандайды. Аяз Атаға жазылатын хаттардың мазмұны әртүрлі, жыл сайын олардың саны көбейе түседі. Балалар әлі де болса, ғажайыпқа сенеді", - дейді "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Байрам Әзизов. 

Оның айтуынша, Қазақстанда "Аяз Атаға хат жаз" деп аталатын акция басталды. Қазір барлық облыстың орталығында арнайы пошта жәшіктері орналатырылды. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі балалар Аяз Атаға хат жаза алады. 

Алынған хаттардың бәрін арнайы комиссия қарап, әр аймақтан 10 хатты іріктеп алады да, олардың иелеріне сыйлық үлестіреді. Жетім балалар, аз қамтылған отбасылар мен халықтың әлжуаз тобы балаларының хатына басымдық беріледі. 

Хаттар іріктелгеннен кейін аймақтарға сыйлықтар жолданады. Оларды балаларға Аяз Ата мен Ақшақар кейпіне енген компания қызметкерлері таратады. Бұған қоса, компания өкілдері балалардың хаттарын олардың ата-аналарына немесе туыстарына жолдауды ұйғарып отыр.

Аяз Атаға хат жазған балалардың бәріне "Қазпошта" Аяз Атаның құттықтауы жазылған әдемі ашықхаттар мен кәдесыйларды жолдайды. Шара желтоқсанның 20-сына дейін созылады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай