27 мамыр 2015 11:49

Балалары бар ер адам 17 бойжеткенмен қатар көңіл жарастырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Skmp.com © Skmp.com

Қытайда Юань есімді ер адам 17 қызбен қатар кездесіп, алдап соққаны үшін айыпталып отыр, - деп хабарлайды Вести.ru South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.


Қытайда Юань есімді ер адам 17 қызбен қатар кездесіп, алдап соққаны үшін айыпталып отыр, - деп хабарлайды Вести.ru South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Ер адамның құпиясы жол-көлік апатына түсіп, ауруханада жатқанда ашылды. Оның жағдайын білгісі келген 17 бойжеткен науқасқа бір уақытта келіп қалған. Әр қыз өзін Юаньнің жалғыз сүйіктісімін деп ойлаған. Кей қыздар бұл жігітпен бірнеше жыл бойы кездесіп келсе, ең сорақысы, кей қыздардың балалары да бар болып шықты.

Бірнеше жыл бойы Юаньді көңіл қосқан қыздары бір-бірін білместен, өз есебінен асырап келген. Бір қызығы, ер адамның қулығын білгеннен кейін қыздар "Кек алушылар одағы" деген атпен чат ашып, жігітпен болған махаббат хикаяларын бір-бірімен бөліскен. Бұдан кейін олар Юаньді алаяқтық жасады деп, құзырлы органдарға хабар береді. Енді олар чаттың атауын "Періштелер" деп өзгертіп, жаңадан өмір бастауға бел буып отыр. Ал Юаньға қандай жаза қолданылатыны әзірше белгісіз.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети