07 желтоқсан 2016 10:21

Баланың өмірі үшін ол өзін құрбан етті: Астана-Бурабай трассасындағы ірі жол апатының мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер суреті Куәгерлер суреті

Ақмола облысы Астана-Бурабай тас жолындағы төрт адам мерт болған жантүршігерлік жол апатының мән-жайы белгілі болды. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Жандос Құрманбаев атты пайдаланушы жазған. 


Ақмола облысы Астана-Бурабай тас жолындағы төрт адам мерт болған жантүршігерлік жол апатының мән-жайы белгілі болды. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Жандос Құрманбаев атты пайдаланушы жазған. 

"Бұл адам шошырлық оқиғаның соңы қуанышпен аяқталуы мүмкін еді. Оқиғаның ең қайғылы тұсы - сол кезде әлі тірі жолаушыларды құтқармақ болғандар арасында ҚР Мемлекеттік күзмет қызметкерлері болған. Олардың бұл тас жолмен жүруі кездейсоқтық [емес]. Біз бұл қызметті Қазақстан Президентінің күзет қызметі ретінде жақсы танимыз. Олар әлем бойынша ең мықтылар қатарында. Мен нақты білем, олар өмірлеріндегі ең маңызды операциясы болып жатқандай әрекет етті (...).

Менің досым осы төрт жігіттің ішінде болды. Бірақ бүгін ол маған қатты зақым алған көліктен әйелдерді алып шыға алмағанына қайғырып жүргенін айтты. Бұрын терезе болған қуыстан әлі тірі жатқан әйелді шығарып алып жатып, менің досым (оның атауға болмайтыны түсінікті, бірақ ашып айтқың келеді екен) қозғалтқыш гүрілін естіген. Көліктен сыртқа қараған досым "Маған тағы бір минут болсын бере гөр!..", - деп айғай салғанымен, жүк көлігі үш әйелді оның бетінен 20 сантиметр қашықтықта езіп кетті.

Бұдан бір минут бұрын ол жерде кездейсоқ [емес] пайда болған ер адам елге белгілі болып кеткен Кирилл Гончаровтың қолына Даниланы ұстатады. Өзінің досымен бірге ол әйелдерді алып шығуға тырысады. Менің досым жолаушы отыратын жағынан, ал ер адам автобанды бөліп тұратын қоршау тұрған жағынан. Ол да тұман арасымен жақындап қалған автобустың даусын және "Қаш!" деп айғайлаған дауыстарды естігенімен, үлгермей қалды. Қашар жер болмады. Балақайдың өмірі үшін ол өзін құрбан етті.


Балақай үшін өз жанын тапсырған ер адамның аты-жөні Құмарбек Жакетайұлы. Оның артында әйелі мен үш баласы қалды. © facebook

Минут өткен сайын ЖКО орнында адам саны арта бастады. Жолдың нашар көрінуі салдарынан көз жұмғандар саны арту қаупі жоғары еді. Сол кезде менің досым және оның жолдастары өзге де жол жүріп келе жатқандар үшін жол үстіне белгі қойды. Осындай дұрыс әдістің арқасында олар басқалардың өмірін аман алып қалған да болар. Сондықтан - олар әлемдегі ең үздіктердің бірі. Қару мен жекпе-жек түрлерін жете білгендіктен емес, бағамдап барып, дұрыс шешім қабылдай алатындықтан.

Жаратқан оқиға орнына түрлі мүмкіндігі бар адамдарды жіберіп, жолаушыларды құтқаруға бірегей мүмкіндік берген. Бұл қайғылы оқиғаның соңында бір қуаныш бар. Бүлдіршін аман қалды, Қазақстаннның кішкетай ғана азаматының өмірі; қиын сәтте өз қауіпсіздігін ұмытқан адамдар да аман қалды. (...)

Өз өмірін қатерге тігіп, әзәзілге қарсы тұрған адамдарға мадақ айтқымыз келеді. Бізден, жақсылыққа көбірек сене алған адамдардан", - деп жазыпты ол (автор стилін сақтауға тырыстық).

Жол апаты сағат 14.10-да Атамекен ауылынан 10 шақырым жерде болған. Полиция мәліметінше, 49 жолаушысы бар автобус (Бурабайдан шыққан) Астанаға барар жолда алдында кетіп бара жатқан Nissan Cefiro көлігінің артынан соққан. Жеңіл көлікте отырған үш әйел автомобиль салонында қаза болған. Сонымен қатар, автобус соққыдан кейін, жол бойында тұрған ВАЗ-2106 көлігінің жүргізушісін қағып өлтірген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети