Бауыржан Момышұлының еш жерде жарияланбаған суреттері табылды

15 Наурыз 2016, 12:01
0
Бауыржан Момышұлының еш жерде жарияланбаған суреттері табылды - © Pavlodarnews.kz
© Pavlodarnews.kz

Павлодарда Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, жазушы Бауыржан Момышұлының шипажайда түскен суреттері табылды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Суретті Павлодардың тұрғыны Несібелді Әбдікәрімованың туыстары сурет альбомын қарап отырып тауып алған.

"Анам Несібелді Әбдікәрімова 1975 жылы "Сарыағаш" шипажайына демалуға барғанда Бауыржан Момышұлын кездестірген. Баукең суретке түсуді ұната қоймайтын. Сондықтан демалушылар ол кісіге жақындай алмай жүр екен. Дегенмен анам өзінінің пысықтығы мен тапқырлығының арқасында аңыз адаммен суретке түсіпті. Тіпті, бір суретте екеуінің әңгімелесіп келе жатқанын көруге болады, бірақ не жайлы сөйлескендері біздің есімізде қалмағаны өкінішті", - деді Несібелді Әбдікәрімованың қызы Сайрам Аяшинова.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай