Байсат базарындағы "Усейн Болт": Мен ақырзаман болды деп ойладым

25 Қараша 2016, 12:12
0
Байсат базарындағы "Усейн Болт": Мен ақырзаман болды деп ойладым - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Байсат базарында шатыр құлаған кезде видеоға түсіп қалған жігіт өзі туралы айтып беріп, сол күнгі оқиға жайлы баяндады, - деп хабарлайды. Tengrinews.kz тілшісі Қазнетте қазақстандық "Усейн Болт" деп ат қойған Артур Чибировты тапты. 

Артур Чибировтың айтуынша, ол өзі Қордайдан. Сол күні ол туысына көмектесіп, туған ауылына қайтуы керек болған. "Басында жәй жел соқты. Қарасам сол жақтан аппақ бірдеме келе жатыр. Барлығы қашып жатыр, мен де қаштым. Шынымды айтсам, не құлағанын да көрген жоқпын. Негізінен қар көрінді, өте көп мөлшердегі қар болды. Мен өзімнің қатардың арғы бетіне қалай жеткенімді түсінбей қалдым, есеңгіреп қалып, қар басты немесе ақырзаман болды деп ойладым", - деді қазақстандық "Усейн Болт".

"Барлығы тынышталған уақытта адамдар қар тазалауға кіріскен. Мен қаша жөнелдім, қайтып келсем барлық адамдар кішкентай қызды іздеп жатыр екен. Біз барлығымыз қар тазалай бастадық, ол қар астында қалып қойды деп ойладық, негізінде ол басқа қатарға қашып үлгеріпті. Барлық жерді іздеп, ештеңе таба алмадық. Төрт-бес адам қаздық, қар үйіндісі қалың болатын. Ешкім қатты зардап шекпеді, ал маған ештеңе де болмады", - деді ол.

"Сосын мен контейнерді жабуға көмектестім, көлікке отырып қайтып кеттім. Өзім таңғалдым, жарты сағат ішінде біраз нәрсе жасадық! Тауар да қатты бүлінген жоқ", - дейді Артур. 

28 жастағы жігіттің айтуынша, оның екі баласы бар. Қордайда ол егістікпен айналысады. Ол ешуақытта спортпен айналыспағанын айтады. "Менің ойымша, кез келген адам мұндай жағдайға тап болса, менен де қатты жүгірер еді, бұл инстинкт. Мені қазір базарда "Усейн Болт" деп атайды. Мен бұрындары естігенмін оның жүгіруден чемпион екенін", - деді ол. 


Артур Чибиров. © tengrinews.kz

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚР Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Нұржан Исабеков "Байсат" базарында болған төтенше жағдайдан 18 жастағы және 50 жастағы ер адамдардың зардап шеккенін хабарлаған болатын.

Ал кейінірек Желіде "Байсат" базарында шатырдың құлаған видеосы пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, төтенше жағдай 20 қарашада шамамен сағат 12.00 кезінде болған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай