Болашақ жарын Желіден іздейтіндер көбейген

12 Маусым, 12:13
0
© Интересные факты
© Интересные факты

Алып мегаполис тұрғындары жалғыздыққа жиі ұшырайтын болған. Отбасын құрып, ұрпақ сүйгеннің орнына ақ таңнан кешке дейін жұмыс істеуді жөн санайды екен. Тіпті өмірде танысуды қойып, интернетте тіл табысып, таныстыру орталықтарының көмегіне жүгінетін болып тұр. Олар кімдер? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.  
 
Жұмыс көп, уақыт жоқ, шаруа бастан асады. Толқынның тұрмыс құрмауына негізгі себептер осы болып тұр. Жүзімді көрсетпесеңіздер деп өтінген бойжеткен алға қойған мақсаттарының көп екенін айтады. 

"Еркін өмір сүргенді қалаймын. Бір жігітке байланып үйде одан рұқсат сұрап далаға шығу үшін, болмаса баламның бетіне қарап отырғым келмейді. Өз еркім өзімде, өз табысым өзіме жетеді. Өзімді асырай аламын. Өзімді дамытқым, ширатқым келеді. Жалпы еркін өмір сүрген меніңше дұрыс", - дейді Толқын есімді бойжеткен. 

Бір миллионнан аса халқы бар бас қаланың тұрғындары бүгінде таныстыру агенттіктеріне жүгінетін болған. Нағима Сыздықова инстаграмда осы бағытта парақша ашқанына 10 айдай болыпты. Бұл күнде 28 мыңдай оқырман жазылып, күніне 10-нан астам анкета келіп түседі екен.  

"Елорда тұрғындарына қарасақ көбі өңірлерден келген. Олардың құрбы-достары мұнда аз. Араласатын жақындары жоқ. Жаңа қалаға қоныс аударған соң таң атқаннан кешке дейін жұмыста жүреді. Бір жерге шығайын десе именеді, сосын өзіне деген сенімсіздік пайда болады. Ал уақыт зымырап өте береді", - дейді танысу тобының әкімшісі Нағима Сыздықова. 

Жастар арасында отбасын құру неге сәнге айналмай тұр? Мамандардың бұл сауалға да жауабы дайын. Психолог Балабек Сақтағанов былай дейді: "Интернет желісіндегі сайттардың да жастардың үйленуге деген құлшынысын тудырмайды. Адамның бойындағы физиологиялық қажеттіліктерді қазіргі уақытта кез келген қызбен, жігітпен танысып өзінің физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандырып алуы да  бұл жастардың үйленуге деген негізгі тақырыпқа, үйленбеуіне ықпал етіп отыр". 

Қазақы дәстүрді артқа тастап карьера қуып, жастар өз өзін орнына қойып аяққа тұрып деген сияқты көп сұрақтар.  Қазіргі жастар жұмысқа көп көңіл бөледі және оқуға. Өмірде көп араласпайды. 

Шынайы өмірде ұяң көрінгенімен  жастар онлайн жүйеде белсенді көрінеді. Таныстыру агенттіктерінің парақшасына шығу үшін жарна төлесеңіз жеткілікті. Анкетаңыз жарқ ете қалғанда танысайық деп жазатындардың санынан шатасады екенсіз. 

"Мен күнделікті желіні ашып қарағанда 2-3 адам жазып "менің анкетамды өшіріп тастасаңыз, өзіме ұнайтын адамды таптым" - деп жазады. Шыны керек қуанып қаласың. Кейбір жұптар бірге түскен фотоларын да жібереді. Ең бастысы әрі қарай тіл табысып кетсе екен дейсің", - дейді танысу тобының әкімшісі Нағима Сыздықова.

Интернеттің қоғам өміріне еніп, төрден орын алғаны қашан?! Танысу, табысудың өзі осы жерде іске асып жатыр. Онлайн желіде бақытын тапқандар офлайн өмірде бақытты болса болғаны.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай