20 тамыз 2014 17:52

Босқын мен оралман мәртебесін шатастырып алған жоқпыз ба?

ПОДЕЛИТЬСЯ

* * * * * *

Соңғы бірнеше күннен бері бірқатар БАҚ-да Қытайдан ұйғыр ұлтының өкілдері Қазақстанға оралман мәртебесімен өтіп жатқаны туралы ақпарат тарап жатыр. Олардың деректері рас болса, ұлтын қазақ етіп алғандар оралман мәртебесімен алты айдың ішінде азаматтық алуға, көмекке берілетін ақшаны қарпып қалуға және жер мен баспаналы болуға мүмкіндік алады-мыс. Егер де бұл ақпарат расқа айналса, не істемек керек? Бұл мемлекеттік қауіпсіздікке қалай әсер етеді? «Алаш айнасы» ой қорытып көрген еді?

Алдымен, оралман мәртебесі деген не екенін талдап алайық. Шеттен келген ағайынның біразы осы «оралман» сөзіне қарсы екендіктерін білдіріп, «қандастар» деген атауды ұсынып жүр. Біздің ойымызша, атауда тұрған ештеңе жоқ. «1997 жылдың 13 желтоқсандағы ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» Заңында «оралман мәртебесі» басқа елдерден көшіп келетін этникалық қазақтарға ғана берілетіні жазылған. Ал, заң бойынша этикалық қазақтардан өзгелер бұл мәртебені иелене алмайды.

Мамандардың пікіріне сүйенсек, Қазақстанмен шекаралас Құлжа, Шәуешек, Алтай аймағында қазақтармен бірге тұрып, қазақ тілін меңгеріп алған ұйғырлар өте көп. Тіпті, олардың кейбіреуінің аттары да – қазақша. Ал, Қытай саясатында ұлтын өзгерту өте оңай. «Егер апасы, атасы, әйтеуір тегіндегі бір туысы қазақ, орыс, қытай, не ұйғыр болса, оны қытай мемлекеттік орындарына дәлелдеп берсе, ұлтын ауыстыра салады. Демек, ұйғырды былай қойып, қытайдың өзі қазақ мемлекетіне «қазақ» болып өтіп жатуы әбден мүмкін.

Дос Көшім, саясаттанушы:

– Өз басым бұл мәселеге мониторинг жасап, зерттеу жүргізіп көрген жоқпын. Сондықтан да, ақпараттың растығына күмәнмен қараймын. Осындай дақпырт тараған соң, құзіретті органдар бұл ақпараттың рас, өтірігін дереу анықтау қажет. Біріншіден, дерек анықталмай жатып, аттандауға болмайды. Екіншіден, «1993 жылдары шекарадан 20 мың ұйғыр өтіп кетті» деген шу болған еді. Көптеген азаматтар бірігіп, мемлекетке хат жазып, аласапыран күй кешкенбіз. Бұл да сондай жалған ақпарат болып шығуы мүмкін. Десек те, журналистер тарапы мұндай мәселелерді бақылауда ұстағаны жөн. Соңғы 6 айда шекарадан кімдер өткені, кімдер азаматтық алуға ниет білдіргені туралы зерттеу жасап жіберсе, бәрі белгілі болар еді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети