1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Бір әйел тар джинсы шалбардың кесірінен ауруханаға түсті25 маусым 2015, 16:37

© blogspot.com © blogspot.com

Бір әйел тар джинсы шалбардың кесірінен ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "24.kz". Жұмысқа барар жолда құлаған ұлыбританиялық келіншек жедел жәрдем жеткенше тұра алмай жатқан.

Аяқтары қимылсыз қалған 35 жастағы әйелді көлікке дейін жеткізу үшін бірталай уақыт кетті. Кейін оның барлығына сол күні киіп шыққан джинсы шалбарының кінәлі екені анықталды.

"Себебі тар шалбар киілген кезден бастап, оның аяғындағы қан айналымы бұзылып, қан ұйып қалыпты. Осының кесірінен ісінген аяқтардан шалбар шешілмей, дәрігерлер оны сол жерде қайшымен қиюға мәжбүр болды. "Қан айналымының бұзылуы" деген диагноз қойылған келіншек ауруханада 4 күн жатып шықты", - делінген жарияланымды.

Айта кетейік, осыған байланысты дәрігерлер халыққа арнап, тар джинсы киюдің қаупі туралы Journal of Neurology, Neurosurgery and Psychiatry журналында ескерту жариялады.

 

Еуро бағамы 500 теңгеден асты