23 сәуір 2014 | 20:27

Бульдозер астына түсеміз деп орманды сақтап қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Анна Уралова Фото ©Анна Уралова

"Бульдозер астына түсеміз" деген павлодарлықтар "Ворушинский орманын" аман алып қалды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі


Иконка комментария блок соц сети

"Бульдозер астына түсеміз" деген павлодарлықтар "Ворушинский орманын" аман алып қалды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

"Жаңа шағын-аудан салу мақсатында саябақтағы ағаштарды кесу туралы мәселе қоғамдық дау тудырды. Расымен де, саябақ санитарлық аумақта орналасқан және қорғаныс функциясын орындап тұр. Сондықтан да, бұл аумаққа құрылыс нысандары салынбайды" - деп мәлімдеді Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев.

Аймақ басшысы, қол астындағыларға орманды сақтап қалуды ғана емес, оның аумағын абаттандыруды да тапсырды. "Бұл жерде ешқандай құрылыс жүргізілмейтінін адамдарға ашық айту керек. Одан өзге, қала әкіміне саябақты қалпына келтіріп, тұрғындардың демалуына жағдай жасауды тапсырамын" - деп атап өтті Бозымбаев.

Естеріңізге салсақ, қала басшылығы мыңдаған терек, қайың және басқа да ағаштар өсіп тұрған "Ворушинский орманын" сүріп тастап, босаған аумаққа 16 зәулім үйлі "Жұлдыз" шағын ауданын тұрғызбақ болған. Алайда тұрғындар, саябақтың мемлекет тарапынан қорғалған аумаққа жататынын және зиянды өндіріс қалдықтарының зардабынан қорғайтын жалғыз қорғаныш екенін айтып, қарсы шыққан еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети