11 тамыз 2014 10:06

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі екі басты дельфинді тауып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© East Med Media © East Med Media

Түркиялық дене шынықтыру пәнінің мұғалімі елдің батысындағы Измир қаласына жақын жағалаудан екі басты дельфинді тауып алды, деп хабарлайды Daily Mail газеті.


Түркиялық дене шынықтыру пәнінің мұғалімі елдің батысындағы Измир қаласына жақын жағалаудан екі басты дельфинді тауып алды, деп хабарлайды Daily Mail газеті.

Мұғалім өлі дельфинді жергілікті мектеп жанынан байқап қалған. Алдын ала болжам бойынша, дельфинның жасы бірде, ал бойының ұзындығы бір метрге жуықтайды.

"Екі басты дельфинді көргенімде өз көзіме сенбедім. Мен екі басты дельфин тұрмақ, өмірімде кәдүілгі дельфинді де көрген емеспін", - деп еске алады Тугрул Метин. Оның өзіне қарағанда, табиғаттың бұл құбылысына қайран қалмасқа шара жоқ.

Мұғалім полиция қызметкерлерін шақырғанда олар мутант-дельфинді зерттеу үшін ғылыми зертханаға жіберген. "Бұл шынында да сирек кездесетін құбылыс болып отыр. Бұл нақ адамдар арасындағы сиам егіздеріне ұқсайды", - деді Ақтеңіз университетінің теңіз биологиясы бөлімінің доценті Мехмет Гокоғлу. 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети