"Жасұлан Қорғанбеков ауруханадан шықты. Бір ай жасалған ем босқа кетпеді. Ихтиоздың ауыр түрімен науқастанып, Алматыда ем алып жатқан бес жасар Қызылордалық бала денесін қаптаған қабыршықтардан арылған. Ол қазір өзін өте жақсы сезінеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz «Жетінші арна» телеарнасына сілтеме жасап.

Десе де, Жасұланның ата-анасы оңтүстік астанада қалуды ұйғарыпты. Өйткеніі Алматының ауа-райы бала үшін қолайлы көрінеді. Қазіргі уақытта Жасұланның әкесі жұмыс іздеп жүр. Ол, алдағы уақытта баспана сатып алып, отбасымен осы жерде тұруды жоспарлап отырған көрінеді.
Қазірге ата-анасы баланы Израильге апаруды күтіп отыр. Олар шет елдік дәрігерлерге барлық қажетті құжаттарын жіберген. Шет елге баратын қаржыны бүкіл ел болып жинап жатыр. Қазіргі таңда қайрымды жандардан жиналған ақша алты миллион теңгеден асқан.
Ауруханадан шығу қарсаңында Жасұланның көптен күткен арманы орындалды. Ол өзінің сүйікті әншісі Қайрат Нұртаспен қосылып ән айтты. "31 телеарна" таратқан мәлімдемеге қарағанда, баланың арманы жайлы естіген әнші ауруханаға Жасұланды іздеп өзі келген.