Депутат артық салмақпен қалай күресіп жүргенін Instagram арқылы бөлісе бастады

09 Маусым 2015, 18:24
1
Депутат артық салмақпен қалай күресіп жүргенін Instagram арқылы бөлісе бастады - © Instagram
© Instagram

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тәңірберген Бердоңғаров артық салмақпен қалай күресіп жүргенін Instagram-дағы жазылушыларымен бөлісе бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат артық салмақпен қалай күресіп жүргенін #karynsaubol хештегі арқылы жариялай бастады. Ал бұл хештег қолданушы satpaichik - Айнұр Сәтбаеваға ұнап, ол да артық салмақпен күресуге бел шешті. Тіпті, депутат Бердоңғаров пен Айнұр бәстесіп, 07 шілдеде нәтижелерін салыстыруға келісті. Сонымен қатар, қолданушы бұл бәсте жеңіліп қалса, депутатқа кітап сыйлаймын деп уәде етті.

 

Айта кетейік, депутаттың 6 маусымда жариялаған суретіне қарағанда, оның дене салмағы 100 келі болған. Ал 8 маусымда - 97, ал бүгін, яғни 9 маусымда - 95 келі. Депутат Instagram-дағы парақшасына спортпен айналысып жатқан сәттері мен таңғы асқа тек шәй ішіп жүргенін жазып, видео мен суреттерін жүктеді.

 

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай