«Алаш айнасы» басылымы бірер күн бұрын жалған мәлімдеме жасаған саясаткерлерді қалай жазалаудың жолын қарастырып, мақала жариялаған еді. Бірақ бұл сынымыздан, әзірге нәтиже шығар емес. Біз мына жақта - Алматыда ауыз жиып үлгергенше, Өскеменде тағы бір өтірік бұрқ ете түсіпті.
«Алаш айнасы» басылымы бірер күн бұрын жалған мәлімдеме жасаған саясаткерлерді қалай жазалаудың жолын қарастырып, мақала жариялаған еді. Бірақ бұл сынымыздан, әзірге нәтиже шығар емес. Біз мына жақта - Алматыда ауыз жиып үлгергенше, Өскеменде тағы бір өтірік бұрқ ете түсіпті.
Тамыз айының басында Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шенеунік пен мемлекеттік қызметкерлерді қатты сынға алды, тіпті ел арасына өсек таратушылар мемлекеттік қызметкерлердің өзі деп те салды. «Мен мұны жақсы білемін. Мемлекет берген компьютер алдында отырып алып, бір-бірімен хат жазысады да жатады, не екені түсініксіз, ондайларды ұстап алып, жазалу керек, қызметтен қуу керек» деп мәлімдеген еді Мемлекет басшысы сол кездегі сөзінде.
«Өсекші мен өтірікші – егіз» демекші, біз саясаткерлерді компьютер басынан ұстап алмасақ-тағы, қисынсыз ресми мәлімдемелерін әшкерелуді жөн көрген едік. Әрине, кейіндері абай болар деген ойменен. Тағы бір жағынан, «ауруын жасырған ауырмай өледі» демекші, өтірікпен шындықты бүркемелуді доғарсақ, бұл ел дамуы үшін маңызды фактор болар еді.
Алдында біз ҚР Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалиннің тамыздың соңына дейін жанар-жағармай қымбаттамайды деп мәлімдегенін, алайда ай аяқталмай жатып бұл тауарлар бағасы күрт өскенін, сөйтіп, шенеунік сөзі жалған боп шыққанын жазған едік. Кеше ол арнайы баспасөз мәсалихатын өткізіп, жанар-жағармайдың қымбаттау себептерін түсіндіргенде өз ведомствосының бағаны ауыздықтауға шамасы жетпегеніне өкініш білдірген еді. Сөйтіп шенді белгілі бір деңгейде халық алдында ақталған сыңай байқатты. Оған да шүкір. Расында, аймақтық экономикалық факторларға бір ведомствоның қарсы тұрар қауқары қайдан болсын? Сондықтан Ұзақбай Қарабалиннің жалғандықпен жаңылғанына, бір жағынан, түсіністікпен қарауға болатын секілді.
Ал Өскемендегі депутат ханымның мәлімдемесі, тіптен еш қисынға келмейді. Жергілікті басылымдардың Бимендинованың «сүрініп» айтқан сөзін бір-бірінен қалыспай жазғаны сол себепті де болар.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асима Бимендинова Шығыс Қазақстан облысына барған жұмыс сапарында Өскемен халқы алдында «мұндағы ауа қандай таза, ал аурасы тіптен керемет» деп екі мәрте мәлімдепті. Бірінші ретте...
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...