02 наурыз 2016 18:25

Дизайнер Алматыда 4,7 миллион теңгеге сауда жасаған ер адамның талғамына баға берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Дизайнер әрі фэшн-продюсер Сәкен Жақсыбаев Алматыдағы дүкендердің бірінен 4,7 миллион теңгеге сауда жасаған тұтынушының талғамы жақсы екенін айтты. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Жақсыбаев ауқатты адамдардың көбі осындай көлемде сауда жасайтынын жеткізді.


Дизайнер әрі фэшн-продюсер Сәкен Жақсыбаев Алматыдағы дүкендердің бірінен 4,7 миллион теңгеге сауда жасаған тұтынушының талғамы жақсы екенін айтты. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Жақсыбаев ауқатты адамдардың көбі осындай көлемде сауда жасайтынын жеткізді.

"Бұл шамамен 12-13 мың доллар. Менің ойымша, Алматы мен Астанада тұратын мұндай адамдардың көбі осындай көлемдегі қаражатты жұмсай алады. Мысалы, Chanel брендінің бір костюмі 13 мың доллар тұрады. Қолтырауынның терісінен тігілген үш сөмке сатып алу үшін 100 мың доллар жұмсайтын адамдарды да білемін. Елімізде мұндай деңгейдегі адамдардың болғаны жақсы", - деді Сәкен Жақсыбаев.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Алматыдағы дүкендердің бірінен 5 миллион теңгеге жуық қаражатқа жасалған сауданың түбіртегінің суреті қызу талқыланып жатыр. Тізімнен Gucci орамалының 29 600 теңгеге сатып алынғанын, үйге киетін аяқ киімнің 120 400 теңгеге алынғанын және Armani жейдесінің 95 мың теңгеге, сонымен қатар, басқа да заттардың сатып алынғанын көруге болады.

Ал танымал бизнес-ханым Виктория Момынбаева болса осындай көлемде сауда жасаған ер адамның ірі кәсіпкер болуы мүмкін екенін жеткізді. "Ер адамның ірі бизнес иесі екенін, өзін жақсы көретінін және өзіне қарайтынын айта аламын. Оның қымбат киімдер алатыны көрініп тұр. Бұдан жаман ештеңе көріп тұрған жоқпын", - деді Момынбаева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети