1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Егде жастағы жұптың биі жұртшылықты таңғалдырды

видеодан үзінді видеодан үзінді

Германияда зейнеткер отбасылық жұп Баварияда буги-вуги би байқауына қатысып, танымал болды, - деп хабарлайды L!FE.ru

Жарыстың өткеніне үш апта болса да, Желіге жүктелген осы жұптың видеосын қолданушылар 61 миллион рет қараған.

Басылым мәліметінше, видеоның басты қаһармандары - 64 жастағы Неллия және 70 жастағы Дитмар Эрентраут. Бұл жұп әрдайым осы буги-вуги би жарысына қатысып тұрады екен. Дитмар бірнеше рет жеңімпаз атанған - Австрияда төрт рет және Германияда 1995 жылы бір рет. 

Зейнеткерлер жұбының айтуынша, олар бұл байқауларға жүлде үшін емес, көңіл көтеру үшін қатысады екен.