Екібастұзда ерекше той өтті

19 Қараша 2017, 13:35
0
Екібастұзда ерекше той өтті - © Instagram.com/Dumanstudio
© Instagram.com/Dumanstudio

Белгібай мен Дәмелі Әлжановтар 50 жыл отауласқаннан кейін үйлену тойын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы қуанышты шараның видеосы Instagram желісінде көптеген пабликтерде жарияланды. Салтанатты шараның қалай өткені жайлы олардың ұлы Әлжанов Қанат айтып берді. 

Оның айтуынша, салтанатты шара 11 қарашада Екібастұздағы мейрамханалардың бірінде өткен. Тойға үйленіп жатқан жұптың сыныптастары, әскерде бірге борышын өтегендер жалпы саны 150 адам қатысқан. 

"Бұл алтын той болды. Біздің отбасында 10 бала бар, барлығымыз ата-анамызға осындай сый жасауды ұйғардық. 60-шы жылдары қаражат тапшылығына байланысты той жасауға мүмкіндігі болмаған. Әкем анамды алып қашқан, сонымен бітті. Анамызға той көйлегін алып, ол бірінші рет киіп отыр, неке сақинасын алдық, ал әкемізге - смокинг. Нағыз үйлену тойы болды", - деді Қанат Әлжанов. 

Ол ата-анасының бірден келісім бермегенін айтады. "Біз қыркүйектен бастап жоспарладық, кафе іздедік. Мейрамхана тапқан кезде ғана ата-анамызды хабардар еттік. Анам былай деді: "Өзіміздің үйде жасайық, қонақтарды шақырамыз". Былай дей бастады: "Не үшін? Адамдар күледі емес пе". Бірақ келісімін берді", - дейді егде жастағы жұптың баласы. 

Белгібай атаның жасы - 75-те, ал қалыңдық - 70-те. Олар өмірінің көп уақытын Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Торайғыр совхозында өткізген. Екібастұзға 1996 жылы көшіп келген. 

Қанаттың айтуынша, ата-анасының үйленгені жайлы ешқандай дерек, дәлел жоқ, 

"Ешқандай сурет, неке сақинасы жоқ. Барлығынан сұрадық, той болмаған. Бәлкім бұл олардың арманы болған шығар", - деді ол. 

Ұлдарының айтуынша әке-шешесі осы шараға разы болған. 

"Олар дән-риза болды. Анамның жағынан сыныптастары болды, олардың жасы - 70-те. Олар әр өңірден келді. Әкемнің жағынан сыныптастары мен әскерде бірге борышын өтегендер және көрші совхоздан адамдар келді. Күйеу жолдас - әскердегі досы. Біздің тойда егде жастағы адамдар көп болды, жастар аз. Бірінші рет осындай тойға қатыстым", - деді Қанат Әлжанов.  

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай