10 қараша 2015 11:51

Екібастұзда кондуктор әйел халықтың сүйіктісіне айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Екібастұз автобусының кондукторы халықтың сүйіктісіне айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екібастұз автобусының кондукторы халықтың сүйіктісіне айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алмагүл Нұрғалиева 10 жылдан аса уақыт бойы кондуктор болып жұмыс істейді. Осы уақыттың ішінде ол жолаушылардан көптеген жылы сөз естіді. Олардың кейбірі хат жазып, ол жұмыс істейтін "Нар Транс" ЖШС-ға апарған. Алайда оны қадір тұтқан жандардың саны Екібастұзда және өзге қалаларда мыңдап саналады, бірақ өзі бұл жайттан бейхабар еді. Бұл оқиға Алмагүлдің жерлесі Татьяна Романескүл "Одноклассники" әлеуметтік желісіне кондуктор әйелмен түскен суретін салғаннан кейін басталған.

Сурет жарияланған бірінші тәуліктерде оған 4 мыңнан аса адам лайк басқан. 200-ден аса қолданушы суретке пікір қалдырып, Алмагүл Нұрғалиеваның жұмысына қатысты ойларын жазды. Олардың қатарында екібастұздықтар ғана емес, Павлодар, Қарағанды, Астана, Брянск және Якутия тұрғындары да болды. "Оның орны Қазақстан Парламентінде", - деп жазды қолданушылардың бірі Виктор Хлыстов. Тағы бір қолданушы Алмагүл Нұрғалиеваның оның жоғалтқан анықтамасын тауып алып, оған қайтарғанын жазды.

Алмагүл Нұрғалиева Tengrinews.kz тілшісіне бұған дейін №9 балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істегенін айтты, бірақ қайта құру кезеңінде табысы жоғары жұмыс іздеп, базарда сатушы болған. Ол жалғыз қызын аяқтандыруға тырысыпты. Кейін оның құрбысы рейсте орнына жұмыс істеп беруін өтінген. Ол сөйтіп, автобуста кондуктор болып жұмыс істеп қалыпты.

Әрдайым сергек жүріп, жолаушыларға жақсы көңіл күй сыйлау қолыңыздан қалай келеді деген сұраққа ол: "Жұмысымды жақсы көремін! Жолаушыларды жақсы көремін! Автобус жылы. Жүргізуші де жақсы. Салон әрдайым таза. Ашуланатын несі бар? Адамдар жұмысқа, үйіне барады, істерімен жүреді. Жақсы көңіл күй ешқашан артық болмайды. Мастарды, жанжалқойларды ұнатпайтыным рас. Мен оларды жаяу серуендеуге жіберемін. Таза ауада өз әрекетіне ойлануға кеңес беремін. Өзге жолаушылар неліктен арақтың иісін иіскеп, олардың былапыт сөздерін тыңдауы тиіс?", - деп жауап берді.

Әйел өзінің танымалдығы туралы кәсіпорын күзетшілерінен білген, кейін азаматтардан естіпті. Жарияланымнан кейінгі келесі күні таңертең жолаушылар оған күлімдеп қарай бастаған. "Басында олар неге күледі деп ештеңе түсіне алмадым, - дейді Алмагүл, - Кейін олар мені Интернеттен көргендерін, жұлдыз болып кеткенімді айтты! (күлді). Мен туралы жазып жатса, демек еңбегім бар шығар! Мен үшін өте ғанибет!", - деді ол.

Жолаушылардың айтуынша, онымен өткізген сапардан кейін күні бойы көңіл күйлері көтеріңкі жүреді. Әлеуметтік желіде Екібастұзға келіп, Алмагүл Нұрғалиевамен бірге жетінші автобуспен жүргісі келетіндердің саны артып жатыр. Ал оны номері 335 жетінші автобуста кездестіруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети