10 мамыр 2018 18:09

Екібастұзда салмағы 6 келі алып сәби дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Екібастұзда салмағы 5,9 келі алып сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екібастұзда салмағы 5,9 келі алып сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәбидің анасы Олеся Бунинаның айтуынша, ол 23 сәуірде босанған. Нәрестенің есімі - Савелий. Оның салмағы - 5,912 келі, бойы - 69 сантиметр. 


Олеся Бунина жіберген сурет

"Жүкті болған кезімде, ішімнің үлкен болуына байланысты дәрігерлер баланың салмағы төрт немесе бес келі болатынын айтты. Алайда олар алты келі болатынын ойламаған. Сәби туғанда "ол біздің ұлымыз ба" деп бірнеше рет сұрадық. Ұлымыз осындай алып болатынына сенбедік. Туған сәтте ол бір айлық балаға ұқсас болды", - деді әйел. 

Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы. 

"Оның тәбеті өте жақсы, менің сүтім жеткіліксіз. Сол себепті қосымша сүт береміз", - дейді Олеся Бунина.

Бұл отбасындағы үшінші бала, жұптың он және төрт жастағы екі қызы бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети