10 ақпан 2016 20:01

Экс-полицейдің баласының Гитлердің образында тұрған суреті Қазнетте наразылық туғызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында полицейлер Гитлердің образында суретке түскен жігіттің аты-жөнін анықтады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.


Ақмола облысында полицейлер Гитлердің образында суретке түскен жігіттің аты-жөнін анықтады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

Даулы сурет әлеуметтік желілерде кең талқыланды. Айта кетейік, бұл сурет "ОСА" қоғамдық бірлестігінің тобында жария болған еді. Суретте жігіт полицейдің бас киімімен, спорттық киіммен Гитлердің образында тұр. Ұртына мұрт жабыстырып алған және "зиге" деп, қолын көтеріп алған.

"Суреттегі жігіт Степногорсктегі емес, Бұланды аудандық полициясының бұрынғы қызметкерінің баласы болып шықты. Ол өткен жылдың қазанында өз қалауымен қызметінен кеткен болатын. Тексеріс жалғасып жатыр. Фамилиясының Метішев екенін білеміз", - деп хабарлады полициядағылар. Сонымен бірге, баспасөз өкілдері суреттің қашан және қайда түсірілгенінің әзірше белгісіз екенін айтты.

Ал Интернет қолданушылары бұл суретке наразылығын білдіріп, түрлі пікірлер жазып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети