01 қазан 2015 17:05

Эксперимент: Алматылықтар кейуанаға көмектесе ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

TengrinewsTV видеосынан алынған кадр TengrinewsTV видеосынан алынған кадр

TengrinewsTV редакциясы 1-қазан қариялар күніне орай эксперимент жасауды ұйғарды. Сюжет бойынша, егде жастағы, көзі нашар көретін, аяғының буындары ауыратын әйел жолдан өтуден қауіптеніп тұрады.


TengrinewsTV редакциясы 1-қазан қариялар күніне орай эксперимент жасауды ұйғарды. Сюжет бойынша, егде жастағы, көзі нашар көретін, аяғының буындары ауыратын әйел жолдан өтуден қауіптеніп тұрады.

Түсірілім адам көп өтетін екі көшеде жүргізілді: Сейфуллин көшесі мен Райымбек даңғылында. Түсірілім жүргізілген екі сағаттың ішінде әжейдің жанынан жүзге тарта адам өтті. Олардың көпшілігі орта жастағылар мен студенттер және оқушылар. Олардың басым бөлігі жолдан өтуден қауіптеніп тұрған әжейге назар аударған жоқ. Тек сегіз адам көмектесуге бел буды.

Айта кетейік, көмек қолын созғандардың басым бөлігі - әйелдер. Тілшінің көмектесуді неліктен ұйғардыңыз деген сұрағына олар - құрмет пен аяушылықтан деп жауап берді. Ал жүргізушілердің барлығына дерлігі жаяу жүргіншілер белгісіне жетпей тоқтап, әжейдің өтіп кетуін күтіп тұрды. Тек бір жүргізуші терезеден басын шығарып: "Әжей тезірек жүр!", - деп айғайлады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети