18 сәуір 2016 | 13:19

Эксперимент: Астанада жедел жәрдем қызметі шақыртуға қанша уақытта жетеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

TengrinewsTV тілшілері Астанада жедел жәрдем қызметінің шұғыл медициналық көмек керегіп жатқан емделушіге неше минутта жететінін тексеріп көрді. Айта кетейік, бұған дейін қала әкімі Әділбек Жақсыбеков мұндай шақыртуларға 10 минуттың ішінде жету керек екенін мәлімдеген болатын.


Иконка комментария блок соц сети

TengrinewsTV тілшілері Астанада жедел жәрдем қызметінің шұғыл медициналық көмек керегіп жатқан емделушіге неше минутта жететінін тексеріп көрді. Айта кетейік, бұған дейін қала әкімі Әділбек Жақсыбеков мұндай шақыртуларға 10 минуттың ішінде жету керек екенін мәлімдеген болатын.

Тілшілер тәжірибе жасау үшін жолда кептеліс болатын уақытты таңдап алды. Түсірілім тобы дәрігерлермен бірге үш шақыртуға барды. Барлық жағдайда да олар тиісті жерге 10 минуттан аз уақыт ішінде жетті. Алғашқы жағдайда жедел жәрдем қызметі шақыртуға 4 минутта жетіп, ер адамды жүрек талмасы диагнозымен ауруханаға алып кетті. Екінші және үшінші шақыртуларға 8 минуттан кетті.

Айта кетейік, бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен елорда әкімдігінің аппарат отырысында қалалық денсаулық сақтау жүйесі жұмысындағы кемшіліктер талқыланды.

"Жедел медициналық жәрдем қызметін модернизациялау жөніндегі кешенді жоспар аясында елорда әкімдігі барлық қолайлы жағдайды жасағанына қарамастан жедел жәрдем жұмысында кемшіліктер бар. Жедел жәрдем қызметіне қатысты шағымдар әкімдікке әлі де түсіп жатыр. Қала тұрғындарының айтуынша, жедел көмекті күтуге көп уақыт кетеді", - делінген әкімдік хабарламасында.

Қала басшысының тапсырмасымен Жедел медициналық жәрдем станциясының қызметіне талдау жүргзілді, соның аясында қызметкерлер бригадалармен бірге шақыруларға барды. Талдау қорытындысы бойынша операторлардың ақпаратты кеш беруі мен кезекші ауруханаларда азаматтарды қабылдаудың сапасыз ұйымдастырылуы бойынша ескертулер жасалды. Сонымен қатар, жедел жәрдемнің шақырулар бойынша кеш баруының объективті себептері де бар, мысалы жолдардағы кептелістер, Bus Lane бақыланбайтын жолақтары, тұрғын үйлер аумағында заңсыз орнатылған шлагбаумдар. Осыған байланысты, сәулет, тұрғын үй инспекциясы басқармаларына, аудан әкімдіктері мен жергілікті полиция қызметіне ескертулерді жою бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети