Ел қатарлы пиццерияға барған кездерімді аңсаймын - Рим Папасы

27 Мамыр 2015, 10:35
0
Ел қатарлы пиццерияға барған кездерімді аңсаймын - Рим Папасы - © aboveaverage.com
© aboveaverage.com

Рим Папасы ел қатарлы пиццерияға барған кездерін аңсайтынын айтты, - деп жазады "24.kz". 

Католик шіркеуінің басшысы аргентиналық басылымдарға берген сұхбатында осылай ағынан жарылыпты. Жоғары діни лауазымға сайланғаннан бері ол қаланы қарапайым адамдарша аралaп, пиццерияға бас сұғуды аңсайтын болған. Ал сұхбаттасқан тілшінің пиццаны тапсырыспен алуға да болатыны туралы айтқанына, понтифик "өз аяғымен бару мен тапсырыс берудің арасы жер мен көктей" деп жауап берді, деп жазады russian.rt.

Сонымен қатар, жоғары дінбасы 1990 жылдан бері мүлде теледидар көрмепті. Сол себепті қазір ол сүйікті Сан-Лоренсо футбол клубының қатысуымен өтетін матчтарды тамашалай алмайтындықтан, команданың жетістіктері мен жеңілістері туралы швейцариялық гвардия қызметкерінен біліп отырады екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай