04 мамыр 2015 | 14:09

Елбасына "Президент Назарбаев" деп аталған қызғалдақ тарту етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kazakhstan-ru.nlembassy.org © kazakhstan-ru.nlembassy.org

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Шелл" концернінің атқарушы бас директоры Бен ван Берденмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Шелл" концернінің атқарушы бас директоры Бен ван Берденмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы жұмысы және еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қатысуы мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ынтымақтастықтың түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін қамтитын перспективалы бағыттары да сөз болды. Тараптар өзара іс-қимыл аясын одан әрі жандандыру мен кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Президенті компания қызметіндегі өзгерістерге, оның  "Би Джи Групп" компаниясымен бірігуі жоспарланып отырғанына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан экономикасындағы ірі инвестордың бірі ретінде "Шелл" Қашаған кенішін игеру жобасында маңызды рөл атқаратынын айтты.

Мемлекет басшысы компанияның міндеттемелеріне өзгерістер оң ықпал етеді деп үміттенетінін жеткізді.

Берден Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, бұл сайлау ел үшін ғана емес, шетелдік инвесторлар үшін де тұрақтылықтың айғағы болып саналатынын айтты.

Сонымен қатар, "Шелл" концернінің атқарушы директоры Мемлекет басшысының былтыр Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысу үшін Нидерландқа сапарлап барғанында оған "Президент Назарбаев" деп аталған қызғалдақтың жаңа сорты таныстырылғанын еске салды. Соған орай Берден Нұрсұлтан Назарбаевқа Голландиядан әкелінген осы сорттың жаңа кесілген гүлін сыйлады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети