22 қараша 2016 12:55

Елімізде жынысын ауыстырған әйел ерлердің түрмесіне қамалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Открытая Азия онлайн" © "Открытая Азия онлайн"

Еліміздегі құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызық жағдайға тап болды. Себебі түзеу колониясына транссексуал - бұрын ер адам болып, кейін жынысын ауыстырған 26 жастағы әйел түсуі мүмкін, - деп жазады "Открытая Азия онлайн" басылымы.


Еліміздегі құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызық жағдайға тап болды. Себебі түзеу колониясына транссексуал - бұрын ер адам болып, кейін жынысын ауыстырған 26 жастағы әйел түсуі мүмкін, - деп жазады "Открытая Азия онлайн" басылымы.

Басылымның мәліметінше, 26 жастағы Хасан есімді адам сырт келбетіне қарағанда әдемі, ұзын шашты. Ол тек құжат бойынша ер адам деп көрсетілген екен. Айта кетейік, қазіргі уақытта ол аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды.

"Бұл жағдай барлық құқық қорғау органдарын, сот және қылмыстық-атқару жүйесіндегілердің аяғынан тік тұрғызады. Егер де 26 жастағы Хасан айыпты деп танылып, бас бостандығынан айырылатын болса, заңгерлерге оны қай түрмеге жабу керектігі жайлы ойлану керек болады, яғни не әйелдерге арналған, не ерлерге арналған түрмеге жабу туралы шешім қабылдануы тиіс. Бір жағынан алып қараса, ресми түрде ол ер адам болып саналады, ал түріне қарасаң, кәдімгі әйел. Даусы да, жыныс мүшелері де әйелдікі. Осыған байланысты құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні қай жынысқа жатқызатындарын анықтай алмай отыр. Себебі Қазақстанда осыған дейін мұндай жағдай болған емес", - деп жазады басылым.

Сондай-ақ, жарияланған материалда өздерінің жыныстарын ауыстырған екі ер адамның қалай танысқаны жайлы айтылады. 

"36 жастағы Михаил есімді (ол кезде оның есімі Азалия болды) бірнеше жыл бұрын жынысын ауыстыру үшін ота жасатқан. Ал 26 жастағы Хасан ол кезде енді ота жасатайын деп жоспарлаған. Содан бірнеше ай бұрын Хасан да ота жасатып, ер адамнан әйелге ауысады. Есімін де өзгертіп алады. Ота жасатқан соң Хасанның есімі Кристина деп өзгертіледі", - деп жазады басылымдағылар.

Қазіргі уақытта Алматы қалалық ІІД осы істі тергеп жатыр. Жынысын ауыстырған әйелге қатысты "аса ірі көлемде бопсалау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Ол 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети