05 шілде 2016 15:28

Елорда күні қарсаңында 30 жұптың некесі қиылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Астана сайты © Астана сайты

Астанада Елорданың туған күні қарсаңында "Атамекен" кешенінде 30 жұптың салтанатты неке қию рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.


Астанада Елорданың туған күні қарсаңында "Атамекен" кешенінде 30 жұптың салтанатты неке қию рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

"Үйлену тойын ерекше форматта өткізудің керемет мүмкіндігі. Жас жұбайлар паркте жиналып, осы алаңда некелерін қию туралы куәліктерді табыстадық. Қалыңдықтарға гүл шоқтарын тарту еттік. Ресми неке қию салтанаты осылай өтті, содан кейін "Думан" қонақ үй кешенінде сыйлықтар ұтысы, торт кесу, вальс және басқа да көп қызықтар болады", - дейді Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рыскүл Қауғабаева.

Қос жүректің жанында күйеу жігіттер мен қалыңдықтар ант берді. Салтанатты шарадан кейін жастар ең биік ту тұғырына көтерілді. Бәрі де суретке және бейнеге түсірілді.

"Мерекеге жаңбыр да кедергі болған жоқ, - дейді жас жұбайлар Бауыржан мен Сымбат Сұрапбай. - Бұл тағдыр шығар, үйлену тойын осы күні өткіземіз деп ойламаған едік. Бәрі де керемет. Үш жыл бойы кездесіп, биыл үйленуге шешім қабылдадық".

Жастарды танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей және актер, музыкант, продюсер Әнуар Нұрпейісов құттықтады. Ерлі-зайыпты атанған жастар аспанға шар ұшырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети