14 мамыр 2017 23:54

"Eurovision-2017" байқауында сахнаға шығып, ішкиімін шешіп тастаған көрермен өз әрекетін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украиналық даулы пранкстер әрі журналист Виталий Седюк Киевте өткен "Eurovision-2017" байқауында әнші Джамаланың алдында не себепті ішкиімін шешіп тастағанын түсіндірді. Бұл туралы Facebook желісінде Украинаның ішкі істер министрі Арсен Аваков хабарлады. 


Украиналық даулы пранкстер әрі журналист Виталий Седюк Киевте өткен "Eurovision-2017" байқауында әнші Джамаланың алдында не себепті ішкиімін шешіп тастағанын түсіндірді. Бұл туралы Facebook желісінде Украинаның ішкі істер министрі Арсен Аваков хабарлады. 

Ол бұл әрекетін "хоббиімді іске асырғым келді" деп түсіндірді. Қазіргі уақытта ол үш тәулікке қамалған. БАҚ-тардың мәліметінше, ол бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Седюк - Украина азаматы. Айтуынша, ол "бейресми арандатушы журналист" болып жұмыс істейді екен. Сондай-ақ, ол күзетшілерге қарсылық көрсеткен. 

"Әзірше елге масқара болған ол өзінің "хоббиін" уақытша ұстау изоляторындағы камерада орындай алады. Алайда ондағы адамдарға артын көрсетуге кеңес бермес едім", - деп жазды министр жеке парақшасында оның суреттерін сала отырып.


Ұсталған Виталий Седюк. © facebook.com/arsen.avakov

Еске салайық, Киевте өткен "Eurovision-2017" байқауында үстіне Аустралия туын жауып алған көрермен украиналық әнші Джамала ән айтып жатқан сәтте сахнаға шығып алып, шалбарын шешіп тастаған еді. Джамала конкурсқа қонақ ретінде қатысып, I believe in U әнін орындаған. Ән басталған соң бірнеше секунд өткенде ер адам сахнаға жүгіріп шығып, шалбарын ішкиімімен қоса шешіп, жұртты таңғалдырды. Осыдан кейін оны күзетшілер сахнадан алып кетті. Ал әнші бұл жағдайға еш алаңдамай, әнін жалғастыра берді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети