"Эйр Астана" өкілі ұшақ бортында неліктен шылым шегуге болмайтынын айтып берді

16 Маусым 2015, 17:22
0
"Эйр Астана" өкілі ұшақ бортында неліктен шылым шегуге болмайтынын айтып берді - Иллюстрация © Тengrinews.kz
Иллюстрация © Тengrinews.kz

"Эйр Астана" компаниясының өкілі ұшақ бортында неліктен шылым шегуге болмайтынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Эйр Астана" компаниясының үкіметтік, заңнамалық және қауіпсіздік мәселелер бойынша вице-президенті Ербол Оспанов ұшақ бортында шылым шегуге тыйым салу себептерін түсіндіріп, оның техникалық себептермен байланысты екенін мәлімдеді. "Проблемалар туындай бастады. Ұшақ 10-12 шақырымға көтерілгенде, ол жерде тыныс алуға болмайды, ол жақта қысым төмен, оттегі жоқ. Сондықтан ұшақ үнемі ісініп тұрады, қозғалтқыштың күші артып, әрбір шаршы метрде қысым 6 тоннаға дейін ұлғаяды. Егер кіретін есік екі шаршы метр болса, оған 12 тонна қысым келтіреді. Ол шар сияқты тырсылдап тұрады. Егер ол жерге қандай да бір себеппен ауаның баруы тоқтатылса, әрине, қысым көтеріліп, апатты түрде түсіруге тура келеді", - деді Оспанов Астанадағы "Эксперт" клубында өткен отырыс барысында.

"Проблемалардың сериясы басталды және ол проблемалар герметизация жүйесі мен ұшақты ауамен қамту, кондициялау жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты. Себебі никотин сүзгіштерге түсіп, бітеліп қалады", - деді ол.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай