07 маусым 2015 15:32

#FollowMeTo жобасының авторлары үйленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Elle.ru ©Elle.ru

Ресейдің танымал инста-блогерлері әрі #FollowMeTo фотожобасының авторлары Наталья мен Мурад Османн үйленді, - деп хабарлайды ELLE.ru.


Ресейдің танымал инста-блогерлері әрі #FollowMeTo фотожобасының авторлары Наталья мен Мурад Османн үйленді, - деп хабарлайды ELLE.ru.

Жас жұбайлардың неке қию рәсімі ертегідегідей өтті. "Әуе инсталляциялары, ұшатын пырақтар, бұлттар мен ертегідегі құстың алып қанаты түріндегі безендіреулер - жас жұбайлар бақыттан бастары айналып, тіке мағынасында да, ауыспалы мағындасында да ұшты", - деп жазады басылым.

Айта кетейік, блогерлер той рәсімінде де өздерінің әлемге танылған Follow Me жобасындағы суреттерді түсірді. Салтанатты шараға келген қонақтарға жастардың керемет биі нағыз тосынсый болды. Бұл биді атақты хореограф Евгений Папунаишвили қойған екен. 

Еске сала кетейік, Мурад Османн мәскеулік жас фотограф, Follow me жобасынан кейін танымал болған блогер. Бұл жобаның ерекшелігі мынада - ер адам бойжеткеннің қолынан ұстап тұрып, арқасын және жан-жағындағы мекенді суретке түсіреді. Бұл жобаны Мурад 2011 жылы қызының арқасында байқаусызда шығарды. Оның дос қызы шетелге әр барғанда фотограф досының суретке түсіре беретінінен мезі болғаннан кейін қолынан ұстап, тарта бастайды. Сол кезде Мурад байқасызда суретке түсіріп қалады. Сөйтіп, ойда жоқта жасалған кадр ерекше болып шығады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети