Француз ойыны "Акинатор" Қайрат Нұртас жайлы да біледі

08 Қараша 2014, 11:32
0
Француз ойыны "Акинатор" Қайрат Нұртас жайлы да біледі - "Акинатор" ойыны сұралған  кейіпкерді дәл тапты
"Акинатор" ойыны сұралған кейіпкерді дәл тапты

"Акинатор" деген танымал француз компьютерлік ойыны Қайрат Нұртас жайлы біледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2007 жылы француздың компьютер бағдарламашылары жасаған "интернет-данышпан" өзінен сұралған қаһарманын сұрақ қою арқылы табуға тырысады.

Қайрат Нұртасты табу үшін "Акинатор" "Сіздің қаһарманыңыз әнші ме?", "Ол көзілдірік киіп ән айта ма?", "Сіздің қаһарманыңыз Қазақстанда тұра ма?" деп сұрақ қояды.

Жынға ұқсас ойынның басты кейіпкері ойыншыға шамамен 40 шақты сұрақ қояды. Әр сұрақ бойынша  "Иә", "Жоқ", "Білмеймін", "Білетін секілдімін", "Мүлдем білмейтін секілдімін" деген сынды алдын ала берілген бес түрлі жауап нұсқасының біреуін таңдауы керек. Сұраққа жауап берген соң  "Акинатор" келесі сауалға көшеді.

Қайрат Нұртас - қазақстандық әнші. Оның орындауындағы "Ауырмайды жүрек" әні бірден хитке айналған. Әнші Қазақстанның барлық қаласында өнер көрсетеді, оның жыл сайынғы табысы шамамен 2 миллион долларды құрайды.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай