Германияда 65 жастағы әйел төрт бірдей нәрестені өмірге әкелді

25 Мамыр 2015, 10:04
0
Германияда 65 жастағы әйел төрт бірдей нәрестені өмірге әкелді - © Losandes.com.ar
© Losandes.com.ar

Германияда 65 жастағы әйел төрт нәрестені өмірге әкелді, - деп хабарлайды "Газета.ru" Associated Press басылымына сілтеме жасап.

Дәрігерлер әйелді ішін жарып босандырған. Үш қыз бен бір ер баланың салмағы 655 пен 960 грамм аралығында болды. Аннегрет Раунигк балаларына Нита, Дрис, Бенс және Фьонн деп ат қойды. Босанған әйелдің жағдайы жақсы.

Орыс тілі мен ағылшын тілінің мұғалімі 13 баланы өмірге әкелген, 7 немеренің әжесі. Оның 9 жастағы қызы інісі немесе сіңілісі болғанын қалап, анасын тағы да сәбилі болуға көндірген. Осыдан кейін ол жасанды ұрықтандыру жолымен бала көтеруге бел буады. Бірнеше рет талпынғаннан кейін 65 жастағы әйел өз мақсатына жетеді.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай