17 сәуір 2014 09:48

Германияда арнайы қызметтен қорғалған электронды почта пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

theemailadmin.com сайтының иллюстрациясы theemailadmin.com сайтының иллюстрациясы

"Германияда арнайы қызметтің аңдуынан қорғалған Lavaboom злектронды почтасы пайда болды" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Германияда арнайы қызметтің аңдуынан қорғалған Lavaboom злектронды почтасы пайда болды" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

Lavaboom жіберген шифрлы хабарламаны тек автор не хат алушы ғана ашып оқи алады. "Сіз шифрсыз мәтін жіберген кезіңізде ол ашық хат ретінде жөнелтіледі. Ол мәтін хат иесіне жеткенше мың рет оқылуы мүмкін. Оны кез келген адам оқи алады. Ал, біз ашық хат ретінде емес, мәтінді конвертке салып жібереміз"-делінген компания сайтында.

Алдағы уақытта почталық клиентті көшіріп алу үшін шақырту алуға, қазір алдын ала тіркелуге болады. Пайдаланушы хабарламаны шифрлайтын екі криптографиялық кілт (жария және жеке) алады. Lavaboom инвайттарды сәуір айының соңында жіберуге уәде етіп отыр.

Тегін нұсқасы 250 Мб-ға ие. Бұл шамамен 1000 хатқа жетеді. Ал, 8 евро тұратын премиум-аккаунттың 1 Гбайт жады бар және оның қорғаныс қауіпсіздігі де жоғары.

"Біздің қызметіміз ақпаратшыларға, белсенділерге, заңгерлерге, журналистерге сондай-ақ қатардағы адамдарға да арналған. Біздің жүйенің қарапайымдылығы қауіпсіз почтаны кез келген адамға қолжетімді етеді"-дейді Lavaboom жасаушылары.

Бұған дейін шифрланған электронды почтаны сервистік Lavabit ұсынған болатын. Жүйені пайдаланушы Эдвард Сноуден АҚШ ҰҚА-ның құпия құжаттарын жариялағаннан кейін Lavabit 2013 жылдың тамызында жабыған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети