30 маусым 2014 | 16:58

Гитлерді желеу, ардагерлерді қолшоқпар етіп отырған кімдер?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарылқап ҚАЛЫБАЙ, «Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам» журналының бас редакторы ©Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Жарылқап ҚАЛЫБАЙ, «Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам» журналының бас редакторы ©Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

"Аңыз адам" журналына Гитлер жайлы материалдар жариялаймын деп басы дауға қалған Жарылқап Қалыбай соңғы уақытта соттан көз ашпай кетті. Сәуір айынан бері Жарылқап Қалыбай мен Гитрлердің төңірегіндегі дау өршімесе, басылмай тұр. Бұған дейін «Алаш айнасы» 13 ардагердің Ж.Қалыбайдың үстінен шағым түсіргені жайлы жазған болатын. Тіпті арызданушылардың бір-екеуінің өз аузынан жазып алған сөздерін де жарияладық. Алайда «Аңыз адам» журналын оқымақ түгілі көрмей-ақ, мән-жайды түсінбей-ақ, Гитлердің атын естіп алып арызданып жүрген ардагерлдердің әрекеті адам айтса сенгісіз.

Иконка комментария блок соц сети

30 маусым күні «Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам» ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Бұл жолы Алматының Алмалы аудандық соты «Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбайға қатысты шешім шығарған екен. Сот бас редакторды оның үстінен шағым түсірген 13 соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 1 миллионнан 13 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ Ж.Қалыбайды екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінен жариялы түрде кешірім сұрауға міндеттеген.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының басында 13 ардагер "Жұлдыздар отбасы – Аңыз адам" журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбайдың үстінен сотқа шағым түсірген еді. Арызданушылар журнал Адольф Гитлерді "жақсы жағынан сипаттап, фашизмді насихаттады" деп айыптаған болатын. Олар Жарылқап Қалыбайдың соғыс ардагерлері алдында жария түрде кешірім сұрауын және шағымданушы 13 адамның адамның әрқайсысына 5 миллион теңгеден, жиыны 65 миллион теңге төлеуін талап еткен еді.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети