Қытайда хирургиялық бригада мүшелерінің арасында науқасқа ота жасалып жатқан кезде болған төбелестің видеосы Интернетте жарияланды.
Қытайда хирургиялық бригада мүшелерінің арасында науқасқа ота жасалып жатқан кезде болған төбелестің видеосы Интернетте жарияланды.
Оқиға 12 мамырда Хэнань провинциясындағы Ланькао уезінде болғанын хабарлады Shanghaiist. Видеода екі дәрігердің арасындағы жанжалдың төбелеске ұласқаны түсірілген. Әйел адам бірінші болып қол жұмсайды, артынша ер адам қарсыласына бірнеше рет соққы жасап, шалып құлатады. Тек осыдан кейін басқа дәрігерлер оларды ажыратады.
Болжам бойынша, төбелескен екеу жұп көрінеді, - деп жазады Daily Mail. Жанжал хирургтің медбикеге әрекетінің дұрыс еместігін меңзегеннен кейін шыққан, ал әйел адам болса өз ісінің дұрыстығын айтқан.
Осы төбелестің салдарынан ешкім қатты зардап шеккен жоқ. Аурухана басшылығы мен полиция осы істі тексеріп жатыр.